Коронавирустан қаза тапқандардың саны мыңға жуықтады

0
76

Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны артып, 908-ге жетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
Ал, қауіпті дертке шалдыққандардың саны 38 мыңға жуықтаған. Олардың 6 мыңнан астамы ауыр халде жатыр. Тағы 29 мыңнан астам кісі індетті жұқтырған деген қауіппен тіркеліп, 2600-ден астам адам жазылып шықты. Ауруға шалдыққандармен байланысқа түскен 300 мыңнан астам тұрғын бақылауға алынған. Жұқпалы індеттің Еуропаға кеңінен таралу қаупі күшейді. Францияның Контамин-Монжуа тау курортында Сингапурге барып қайтқан британдық азаматтан 7 адам қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталды, оның бірі – бала. Оқиғаға байланысты француз билігі 2 мектепті жауып, тексеріс жүргізіп жатыр.

Осылайша Францияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 11-ге жетті. Бесінші республика кеше Қытайдың Ухань қаласынан тағы 35 азаматын арнайы ұшақпен алып қайтты. Олар Францияның оңтүстігіндегі әскери базаға жеткізілді. Бұл Францияның Уханьнан өз азаматтарын қайтару бойынша үшінші рейсі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь