Коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған шенеуніктер кім?

0
379

Елімізде бірнеше әкім, депутат және басқа да шенеуніктердің коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Оның кейбірі бүгінде аурудан айығып, жұмысына оралған. Tengrinews.kz тілшісі коронавирус жұқтырып, аурудан жазылған шененуіктер туралы баяндады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
18 маусымда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған. Бұл туралы шенеунік Facebook-парақшасында жазған болатын. Ал, кеше Тоғжановтың аурудан жазылғаны белгілі болды. Ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады. «Ералы Лұқпанұлы 10 күн ем алған соң коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы теріс нәтиже көрсетті. Ол жұмысқа кірісті», — деді баспасөз қызметіндегілер.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли де коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан. Ол COVID-19 табылғанын 6 маусымда Facebook-парақшасында жазған болатын. Кейін Берік Уәлидің жағдайы қалай екені хабарланды. 22 маусымда Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы ауруханадан шықты. Instagram желісіндегі парақшасында ол жағдайының жақсарғанын айтып, медицина қызметкерлеріне алғысын білдірген.
Сәуірдің аяғында Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылған Камалжан Надыровтан коронавирус табылған. Бұл туралы сол кездегі денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеген болатын. Ал, 19 мамырда Камалжан Надыровтың аурудан жазылғаны белгілі болды. Ол басында коронавирус жеңіл түрде өткенін мәлімдеді. Кейіннен симптомдары қатты білініп, жағдайы нашарлаған. Маусымның басында Камалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
2 маусымда Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімовтен коронавирус табылғаны хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, әкімдікте Әшімовпен байланыста болған қызметкерлер коронавирусқа тест тапсырған. Бәрі де теріс нәтиже көрсеткен. Қала әкімінің міндеттері әкім орынбасары Мирас Құттыбайға жүктелген. Теміртау қаласы әкімдігінің кеңсесі қалыпты режимде жұмыс істей берді. Ал 11 маусымда Әшімовтің аурудан айыққаны хабарланды.
Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің аурудан жазылғаны хабарланды. Нығматулин екі апта бойы емделген болатын. 16 маусымда Нығматулин коронавирусқа кезекті тестілеу өткізген. Сынақ оң нәтиже көрсетті. Бірақ Мәжіліс төрағасында коронавирус симптомдары болмаған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь