Коронавирус жұқтырған мұғалімге үстемақы төлене ме?

0
191

Мектептерде ашылатын кезекші сыныптарға жүкті, жасы 65-тен асқан мұғалімдер сабақ бере алмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатының барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жиын барысында министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге ешқандай үстемақы қарастырылмағанын айтты.

– Кезекші сыныптарда жұмыс істеуге жіберу үшін тиісті талап бар. Мұндай форматтағы жұмыс процесіне жүкті мұғалімдер, созылмалы аурулары бар жасы 65-тен асқан ұстаздар жіберілмейді. Яғни, мұндай педагогтар кезекші сыныпта жұмыс істей алмайды. Коронавирус жұқтырып алмас үшін дене қызуын қадағалап, барлық санитарлық талаптарды сақтау қажет, – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты барысында министр кезекші сыныпқа сабақ берген мұғалімнің қашықтан оқытуға да құқығы бар екендігін айтқан болатын.

Жалпы жаңа оқу жылында мектептерде қашықтан оқыту 8 интернет платформада жүргізіледі.

Мектеп жасындағы 2,6 миллион бала қашықтан білім алады. Ал, бастауыш сыныптың 530 мың оқушысы кезекші сыныпта, шағын жинақты мектептерде 202 мың бала дәстүрлі форматта оқиды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь