Коронавирус Қытай экономикасына қалай әсер етті

0
102

Биыл жаңажылдық мереке кезінде қытайлықтардың ел ішіндегі қатынасы былтырғыдан 73% төмен болды. Мұндай мәліметті Қытайдың көлік министрлігі жариялады, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы  Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа қарағанда теміржол жолаушыларының саны 67%, тас жолдардағы жүріс 73%, су арқылы байланыс 80%, ал азаматтық авиация қызметін тұтынушылар 57% аз болған. Бұл өз кезегінде елдің туризм саласын тұралатып, қонақ үй мен мейрамханалардың, сауда нүктелерінің табысын азайтты. Оның үстіне жергілікті билік мерекеге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан фабрикаларға демалыс мерзімін ұзартуға кеңес берді.

Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың демалыста болып, табысының азаюы елдегі несие қарыздарының уақытылы төленбеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұл елдегі экономикалық белсенділікті төмендетіп, Қытай банктерінің активтерінің арзандауына әсер етеді

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь