Коронавирус пандемия деп жарияланды  

0
121

Женевада өткен брифингте дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус жаңа коронавирусты пандемия деп жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш ұйымның Twitter-дегі парақшаларында COVID-19 (коронавирус) пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік делінген. Пандемия деген – бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте мұндай атау бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.

11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь