Коронавирусқа қатысты жалған ақпараттар тарап жатыр

0
134

Бүгінгі елордадағы өткен  Үкімет отырысында  әлемді дүрліктірген коронавирустан сақтану шаралары талқыға салынды. Жиын барысында баяндама оқыған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  еліміздегі аталған қауіпті дертке қатысты таралған кез-келген  ақпаратқа сене бермеу керектігін ескертті,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Елімізде коронавирусқа қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Мысалға, әлеуметтік желі арқылы тараған мәліметтердің бірі бойынша осы наурыздың екісі, яғни, бүгіннен бастап барлық мемлекеттік органдар күшейтілген тәртіпте ауысып мемлекеттік қызметкерлер міндетті түрде бет перде тағуы тиіс делінген. Алайда денсаулық министрлігі бұл ақпаратты растамады. Барлық деректер негізінен жауапты министрліктің сайтында және олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып тұрады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь