Коронавирусқа қарсы вакцина 1,5 жылдан кейін дайын болуы мүмкін

0
84

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус соңғы айларда әлем бойынша тарап кеткен коронавирусқа қарсы алғашқы вакциналар 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Алғашқы вакцина 18 айдан кейін дайын болуы мүмкін. Сондықтан біз осы вируспен күресу үшін бүгінгі күні қолда бар «қаруды» пайдалана отырып, бәрін жасауымыз керек, – деді ұйым басшысы.

Сондай-ақ, Тедрос Гебрейесус вакциналар мен терапиялық құралдарды әзірлеу маңызды екенін бірақ та оны даярлау үшінде біраз уақыт керектігін атап өтті. Сонымен қатар, ДДҰ басшысы халықаралық қауымдастықта індеттің алдын алу үшін «мүмкіндіктер терезесі» бар екенін және де қажет болған жағдай да адамдар соңда хабарласуларына болатынын да мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түріне COVID-19 атауын берді. Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да коронавирус ауруының расталған жағдайларының жалпы саны – 44653, қаза тапқандар саны – 1113 жеткен.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь