Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Конституция күні мерекесіне арналды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Конституция күні мерекесіне арналды
21:41, 29 августа 2018

Конституция күні мерекесіне арналды


Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының күні салтанатты түрде аталып өтті.

Жиналғандар ең алдымен «Азат елдің Ата заңы» деп аталатын театрландырылған көріністі тамашалады. Онда ежелден далалық конституцияны ұстанған, әрдайым адалдықпен, әділдікпен өмір сүрген ата-бабаларымыздың заңдылықты, адамдықты биікке көтерген тіршілік-тынысы жайлы байыпты баяндалып, қазіргі кездегі тәуелсіз Қазақстанның Негізгі заңының  күш-қуаты, артықшылығы әсерлі бейнеленді.

Мұнан кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев сөйлеп, осынау ұлық мерекенің мән-маңызына жан-жақты тоқталды.

  • «Ата заң» аталып кеткен мемлекетіміздің басты құжаты – Конституция, – деді атап

айтқанда аудан басшысы. – Ол, шын мәнінде, еліміздегі барлық заңдардың бастауы және сүйенетін негізгі түп тірегі саналады. Конститутция – біздің  мемлекетіміздің алтын діңгегі. Мемлекеттің негізгі құндылықтары – тәуелсіздік, бейбітшілік пен  тұрақтылықтың кепілі. Ата заң – Қазақстанның әлемдік  өркениетке батыл қадам басуының алғы шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Конституция тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындап берді, мемлекетіміздің берік негізін қалады. Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мәңгілік ел атануға ұмтылған көп ұлтты  еліміздің ынтымағы артып, береке-бірліктің арқасында жаңа табыстарға жете берейік!

Келесі кезекте Жандарбек Ермекұлы бір топ  қарасайлықтарды Құрмет  грамотасымен, Алғыс хатпен марапаттап, ізгі тілегін білдірді.

Мәдениет үйіндегі Конституция күні  мерекесіне арналған салтанаттың соңы аудан өнерпаздарының сүйікті Отан, егемен ел,  туған жерді  арқау еткен үлкен концертіне ұласып,  әсем ән айтылды, күмбірлеген күй шертілді, әдемі би биленді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района