Күй құдіретін танытқан таланттылар

0
828

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жетісу жерінде қазақ елін күй тербеткен күн болды. Ұлттық домбыра күніне орай қасиетті аспапты дәріптеу мақсатында Талдықорғанда «Домбыра – дала даусы» атты күй жарысы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараға Қаратал, Ақсу, Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалаларының 70-ке жуық өнерпазы қатысып, күй шертіп, терме орындап сайысқа түсті. Бір тәулік бойы тоқтамай бақ сынасқан  әнші-күйшілер байқау барысында  500-ден астам туынды орындаған. Егемендік жолындағы халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттайтын осындай тағылымы мол мәдени шара бұл өңірде  екінші рет ұйымдастырылып отыр.  Осы жолғысы ерекше өткізіліп шара оң нәтижесін беріп, Жетісулықтардың жетістігі Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері назарына ілініп, шара ұйымдастырушыларына арнайы сертификаттар табысталды. Мәдени кештің соңында  қатысқан өнер иелерінің барлығы Алғыс хаттармен марапатталды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь