Ауғанстан алапатының ержүректерін еске алу

0
234

15 ақпан – Кеңес Одағы әскерлері Ауғанстан жерінен шыққан күн. Осыған орай, ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласында Ауғанстандағы соғысқа қатысқан жауынгерлерге арналған жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Социалистік пен капиталистік жүйенің басқыншылық саясатының кесірінен, Ауған жерінде соғыс өрті бұрқ ете түскені белгілі. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың жауынгер қатысса, олардың қатарында 373 жерлесіміз бар еді. Қанды шайқаста 14 жауынгер шейіт болып, ал, 20-сы елге оралған соң көз жұмғанын айта кеткен жөн. Сол бір қанқұйлы соғыстың кесірінен, қаншама отбасы қайғы шекті. Аман келгендердің көбісі денсаулықтарынан айырылып, еңбекпен қамтылуда, көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Бүгінгі күні ортамызда жүрген Ауған соғысы ардагерлері, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеу жолында бар күш-жігерлерін жұмсап, аянбай еңбек етіп жүр. Сұрапыл соғысқа қатысқан жауынгерлердің ерлігі қашанда елге мұра, ұрпаққа ұран болары сөзсіз.

Бүгін Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеген сарбаздардың ерлік рухын құрметтеу үшін аудан және қала әкімдіктері арнайы басқосу өткізді. Ерекше жиынға аталған майдан ардагерлермен қатар, аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай, Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев та қатысты. Ерлік пен қайсарлықты көрсеткен сарбаздардың рухын құрметтеу үшін Ауған және Ұлы отан соғыстарының ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды. Елім деген ерлердің еткен еңбектері ескерусіз қалмай бірнеше ардагерлерге аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың және аудандық Қорғаныс істер жөніндегі басшысының атынан Алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді. Еске алу кешінің соңы ұйымдастырушылар мен ардагерлер емен-жарқын әңгіме айтқан жылы жүздесумен түйінделді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь