Үкімет отырысында коронавирустан сақтану шаралары талқыланды

0
734

Елордада Үкімет отырысы өтті. Жиында әлемді дүрліктірген коронавирустан сақтану шаралары талқыға салынды. Жауапты министрлік өкілдері бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс жөнінде баяндама жасады,  деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Алдымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндама оқыды. Ол өз баяндамасын әлемдегі ахуалдан бастады.  Дәл қазір әлем бойыншы  «COVID-19» пневмониясы 19 елде тіркелді,  оның 2000-ға жуығы соңғы бір тәулікте анықталған. Күн сайын бұл вирустан  таралу қарқыны 2, 25 пайыз шамасында болып отыр. Осы инфекцияның ошағына айналған Қытайды 8174 адам аталған ауруға шалдыққан, оның 206-ы соңғы өткен түнде анықталыпты. Бұл қауіпті індеттен 4518 адам жазылып шықса,  стационарда әлі  де 32000 адам қалып отыр. Олар қажетті ем домын қабылдауда. Қытайдан бөлек тағы 63 елде коронавирус инфекция расталды.  Жаңа науқастардың көпшілігі Жапония, Иран, Италия, Оңтүстік Корея елдерінде. Бұл мемлекеттерде аурудың өсу қарқыны 30 пайызға  дейін жетіп отыр.

Еліміздегі жағдайға  келер болсақ. Бүгінгі күнге дейін бақылауға  отыз  мыңнан астам адам алынған. Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты  ол адамдар карантиннен шығарылды. 6500 адам медициналық бақылауда. Алтыншы  қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін  дене қызуы көтеріліп жедел респираторлы  инфекциямен 186 адам  ауырған. Оның 166-ы сауығып шықса, коронавирусты жұқтырды деген күдікке ілінген 26 адам әлі де емделіп жатыр. Дегенмен ол науқастарда коронавирустың диагнозы анықталған жоқ.

Бірінші наурыздан бастап министрлік санитарлық эпедемиология бақылаудың күшейтудің  сатысын енгізді. Оған сай елімізде өзге мемлекеттерден келетін жолаушылар үш санатқа бөлді. Бірінші санатқа коронавирус ушығып тұрған мемлекеттер жатқызылған. Олар:  Қытайдан бөлек Италия, Иран, Оңтүстік,  Корея, Жапония, Гонконг, Тайвань және Макао. Міне осы мемлекеттер келген азаматтар міндетті түрде 14 күнге каратинге жатқызылады және ауруханадан шыққаннан кейін қосымша 10 күн бақылауда болады. Айта кету керек, олар оқшауланған ортада ем-дом қабылдайды. Екінші  санаттағы  елдерден келген азаматтар 14 күндік каратинге жатқызылып, алайда олар өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша емделеді, әрі каратин аяқталғанан кейін қосымша 10 күн бақылауда болады. Үшінші санаттағы елдерден келген азаматтар 24 күн бойы қоңырау шалу арқылы қашықтықта бақыланады. Міне, еліміздің мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің қаулысымен бекітілген норма бірінші  наурыздан бастап күшіне енді

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь