Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әкімдікте жаңа тағайындаулар - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 18 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әкімдікте жаңа тағайындаулар
18:44, 30 января 2018

Әкімдікте жаңа тағайындаулар


Аудандық әкімдікте жаңа кадрлық тағайындаулар орын алды. Дүйсенбі күні аудан әкімі актив алдында жаңа лауазым иелерін таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Атап айтқанда, аудан әкімінің бесінші орынбасары болып, аудан әкімінің 29 қаңтардағы №7ө өкімімен Тажиев Жанат Жолдасбекұлы тағайындалды. Жандосов ауылында 1965 жылы дүниеге келген Ж.Тажиев Алматы гидромелиоративтік техникумында «техник-гидротехник», Қазақ ауылшаруашылық институтында «ғалым-агроном» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын туған ауылында кеңшар бригадирі болып бастаған ол 1998 жылдан мемлекеттік қызметтің бірқатар баспалдақтарынан өтіп, тәжірибе жинақтаған. Әр жылдары Іргелі, Қарағайлы округтерінің әкімі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болған. 2014 жылдың тамыз айынан 2017 жылдың желтоқсан айына дейін Райымбек ауданының әкімі, 2018 жылдың қаңтар айынан осы уақытқа дейін Шамалған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, Қарасай ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына аудан әкімінің 29 қаңтардағы № 8ө өкімімен Әсел Нурахметова тағайындалды.Ол 2006 жылдан бастап аталған бөлімде жетекші маман, бас маман болып еңбек етіп келген.

Сондай-ақ, аудан әкімінің № 9ө өкімімен, Назгүл Джомартова аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне кірісті. Ол 2003 жылдан бастап ауданымыздың білім беру саласында тындырымды еңбек еткен. 2013 -2016 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің бас маманы болған. 2016 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін Жандосов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымдарын атқарды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района