Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Кезекті сессия жұмысына қатысты - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 23 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Кезекті сессия жұмысына қатысты
19:01, 17 августа 2017

Кезекті сессия жұмысына қатысты


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында, алтыншы шақырылған Қарасай аудандық мәслихатының кезекті 18-ші сессиясы өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды. Аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, аудандық мәслихаттың жаңа тағайындалған хатшысы Айтбай Көшкімбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері, бюджеттік мекемелер мен бөлім басшылары қатысып отырған сессия жұмысына депутат Қ.Баяманов төрағалық етті.

Күн тәртібінде Қарасай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қарасай ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» № 10-3 шешіміне өзгерістер енгізу, ауданның елді мекендерінің бас жоспарын бекіту, елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту және тағы басқа мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша, аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Д.Сансызбаев ортаға шығып, аудан бюджетіне өзгерістер енгізу туралы хабарлама жасады. Мұнан кейін, елді мекендердің бас жоспарын бекіту мәселесі туралы сөз аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Е.Даришевқа беріліп, ол өз саласында аталған бағытта қолға алынып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Болубаев та мінберге көтеріліп, кезекті мәселе — Қарасай ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту жайында айтып өтті. Күн тәртібіне қойылған өзге  де мәселелер депутаттардың талқысына салынып, тиісті шешімдер қабылданды.

Өз кезегінде аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы да сөз алып, сессия жұмысы барысында қарасайлықтардың тыныс-тіршілігіне қажетті маңызды жайттар қаралғанын, әрбір өткізілетін мұндай жиындардан кезең-кезеңімен атқарылып жатқан ауқымды істердің нәтижесі анық байқалатынын тілге тиек ете келе, халық қалаулыларына өзінің алғысын білдірді. Әлі де ел игілігі үшін қолға алар шаруа көп екенін айтып, жиналғандарды ауызбіршілікпен ерінбей еңбек етуге шақырып, жақсы тілегін жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района