Кеше Алматыда 156 жұп үйленді

0
132

20.02.2020:  Кеше бұл әдемі әрі әсерлі күні  Алматыда некелескендер саны күндегіден 84%-ға көп болды, деп хабарлайды Karasayinfo,kz желілік басылымы  inAlmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Отау құрғандардың арасында 65 жастан асқан қарт ерлі-зайыптылар да болды. Олар ажырасқандарына  30 жыл өткен соң қайта үйленген. Нумерологтардың айтуынша, 20.02.2020 сандарын бір біріне қосқанда шексіздіктің белгісін білдіретін 8 саны шығады. Демек, бұл күні қиылған неке берік әрі ұзақ болмақ.  Осы  болжамға сеніп, дәл осы күні үйленгісі келген  алматылықтардың саны 156-ға жеткен. Сол себепті оңтүстік астанадағы барлық АХАЖ бөлімдерінің алды адамға лық толды.
Бұл басқа күндермен салыстырғанда 84%-ға көп. Некелескендер – 18-ден 65 жас аралығындағы жұптар.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь