Келесі жылдан бастап ЖОО дипломының үлгісі өзгереді

0
107

2021 жылдан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес жеке үлгідегі диплом беруі туралы норма күшіне енеді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Асхат Аймағамбетов білім саласы үшін маңыздылығы орасан зор екі құжаттың қабылданғанын атап өтті. Олар: 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы мен «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы. Министр педагогикалық қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту және барлық деңгейде білім сапасын арттырумен жаңартылған білім бағдарламасының артықшылықтары төңірегінде министрлікпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, ол  2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. А.Аймағамбетовтің айтуынша, енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттеріне көбірек көңіл бөледі. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқаратын болады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь