Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Кеңейген жол кептелістен құтқарады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Кеңейген жол кептелістен құтқарады
18:31, 22 ноября 2017

Кеңейген жол кептелістен құтқарады


Ауданымызға қарасты « Апорт» моллы мен «Алтын Орда» базарының, сонымен қатар, «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің жанындағы көлік кептелістері темір тұлпар тізгіндеушілерді әбден қажытқаны белгілі. Ресми деректерге сүйенсек, бұл жерлерден күніне 52 мыңдай көлік әрі-бері өтетін көрінеді. Осы мәселе бірнеше жылдан бері облыс, аудан басшылығының назарынан қалыс қалған емес. Қазірдің өзінде өңір басшысы Амандық Баталовтың тікелей араласуымен Үкіметтен қомақты қаржы бөлініп, аталған орындарда құрылыс жұмыстары басталып кетті.

Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қыдыралиевтің берген мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде «Алтын Орда» базары жанындағы Ақсай өзенінің бойындағы көпір бойында қазба жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта бұл жолдың екі жақ шетінен уақытша автокөлік өтетін айналма көпір салынбақ. Биылғы жылдың соңына дейін, сонымен қатар, «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің қарсысындағы «ГазПромНефть» жанармай бекетінің жанындағы, яғни жолдың оңтүстік бетіндегі ағаштарды тазарту жоспарланған. Бұдан бөлек, Абай, Іргелі ауылдарына кіретін бұрылыстарға салынатын айналма көпірдің бағаналары құйылмақшы.  Бұл жұмыстардың барлығын мердігер мекеме «ДәулетДорСтрой» ЖШС жүзеге асыруда. Ол үшін бүгінде бюджеттен 2,7 млрд. қаражат бөлінген.

Қорыта айтқанда, алдағы кезде Алматы қаласының шекарасындағы «Қалқаман» ықшам ауданынан бастап, Райымбек ауылына кірер бұрылыс аралығындағы трасса он көлік сиятындай етіп кеңейіп, айтарлықтай өзгереді. «Апорт» моллының алдына, «Алтын Орда» базарының негізгі кіре-берісінің тұсына, және Райымбек ауылы мен «Асыл Арман» ықшам ауданының бұрылыстарына аспалы көпірлер салынып, жаяу жүргіншілердің жолдан өтулері жеңілдей түспек. Бұл жұмыстардың барлығы құжат бойынша 2020 жылдың шілдесінде толығымен аяқталуы тиіс.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района