«Kaspi» банк алаяқ экс қызметкері үшін 10 млн теңге бермек

0
753

«Kaspi» банкі өздерінде бұрын жұмыс істеген Руслан Сексембаевты іздестіріп жатыр. Осы азамат туралы ақпарат беретен адамға 10 млн теңге сыйақы тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат ұлттық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласындағы «Kaspi» банктың қызметкері болған Руслан Сексембаев банк тұтынушыларын алдап, жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін деген уәдемен өзінің шотына қаражат аудартып отырған.

– «Қазір полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Kaspi» қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде. Алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін «Kaspi» 10 000 000 теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды», – делінген аталмыш банктің Instagram парақшасында жарияланған хабарламасында.

Банк өкілдері күдікті туралы деректерді +7 705 211 16 93 телефон нөмірі арқылы «Kaspi»-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болатынын айтып отыр.

– «Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексеңіздер, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуіңізді сұраймыз. Банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін естеріңізге саламыз. Банк ешқашан біреудің шотына қаражат аударуды талап етпейді», – делінген ақпаратта.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь