Күздің алғашқы айынан бастап Президенттің кадрлық резервіне іріктеу жүреді

0
754

Мемлекет басшысының резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін жариялады. Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервті іріктеуден өтіп, елдегі  мемлекеттік басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жастар қатыса алады. Резервке қосылуға ынталы азаматтар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс: кандидаттардың теориялық білімін тестілеу; көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары); Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Егер Сіз табысты бастамалардың авторы болсаңыз, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа жобалар мен іске асырылатын идеяларды ұсынуға, жедел шешім қабылдауға және инновацияларға тез бейімделуге қабілетті болсаңыз «Президенттік кадрлық резерв» жобасына қатысуға онлайн өтінім жолдасаңыз Қазақстанның дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болатын, жас әрі тиімді болашақ басшылардың қатарына қосылыңыз.

Толық ақпарат агенттіктің qyzmet.gov.kz сайтында.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь