Кәсіпкерлердің демеушілігімен планшеттер табыс етілді

0
202

Оқу жылының қарсаңында аудан кәсіпкерлерінің қолдауымен оқушылардың жаңа құрылғымен қамтылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бүгін аудандық білім бөлімінің өкілдері жаңа оқу жылының қарсаңында барлық мектеп басшылығына кәсіпкерлердің демеушілігімен сатып алынған 150 планшетті табыс етті. Бұл құрылғылар аудан оқушыларының ішінде жартылай және толық жетім, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен мен көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға арналғанын айта кеткен жөн.

Жомарт жандардың тарту еткен бұл сыйлықтары алдағы уақытта жоғарыда аталған санат бойынша оқушыларға мектеп әкімшілігі өздері үлестіріп, табыс етіледі.

Дәл осындай көмек алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь