Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Кәсіби мерекелерімен құттықтады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Кәсіби мерекелерімен құттықтады
13:21, 29 июня 2018

Кәсіби мерекелерімен құттықтады


Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай, бүгін аудандық «Заман жаршысы» газеті редакциясы ұжымы мен облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің және «Жетісу», «СТВ» телеарналарының тілшілеріне құрмет көрсетілді. Аудандық әкімдіктің кіші залына жиналғандар алдымен биыл 85 жылдық мерейтойын қарсы алып отырған «Заман жаршысы» газетінің тарихы, тыныс-тіршілігі жайындағы бейнероликті тамашалады.

Аталған мереке иелерін аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева салтанатты жағдайда қабылдап, аудан әкімінің сәлемін жеткізді. Қазыналы Қарасай жерінде қолға алынып жатқан қаншама игілікті істі көрсетіп, жақсылықтың жаршысы болып жүрген журналистер қауымына ризашылығын білдірді. Мемлекеттік бағдарламаларды халық арасында насихаттап, ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүргені үшін бірқатар мереке иелерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Атап айтқанда, мұндай құрметке «Жетісу» телеарнасының операторы А.Жөнкешов, аудандық «Заман жаршысы» газетінің дизайнері А.Қыстықбаева мен менеджері Ғ.Балабекова лайықты деп табылды. Өзгелеріне де аудан әкімі атынан сый-сияпат ұсынылды.

Салтанатты жиын барысында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы С.Мәсімақынов та сөз алып, халық пен билік арасындағы «алтын көпір» саналатын БАҚ саласының қызметкерлеріне жақсы тілегін жеткізді. Сонымен қатар, кәсіби мерекелерінің қарсаңында, облыстық қос басылымның ғасыр тойына орай, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін алған «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің Қарасай ауданы бойынша меншікті тілшілері Қ.Қайранбаев пен Т.Мұхтарова, жергілікті «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы А.Исаева сөйлеп, журналистер қауымына көрсетілген құрмет үшін аудан басшылығына алғыстарын айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района