Әлеуметтік желіде күшікті тірідей өртеп жатқан балалардың видеосы бойынша жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, күдіктілер ұсталды, деп karasayinfo.kz желілік басылымы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, жас балалардың бұл видеосы Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында орын алған болатын.
–Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген аталған елдімекеннің кәмелетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы және 2005 жылы туған балалар. Балалар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәларын толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл — қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай, – деді Алматы облысы, Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь