Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Көрнекті қоғам қайраткерінің рухына арналды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 14 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Көрнекті қоғам қайраткерінің рухына арналды
20:33, 19 января 2018

Көрнекті қоғам қайраткерінің рухына арналды


Биыл аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте  Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 106 жыл толуына орай, ел ағасының құрметіне еліміздің барлық өңірлерінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі таяуда Алтын ауыл орта мектебінде болды. Республикалық деңгейде өткен үш күндік жасөспірімдер арасындағы күрестен ашық турнирге еліміздің барлық облыстарынан, қалаларынан 500-ге жуық 2004-2006 жылғы балалар қатысып, өзара бақ сынасты.

Бұл дүбірлі додаға, сонымен қатар, республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының экс-депутаты Нүсіпжан Нұрмамбетов, экономика ғылымдарының докторы Бақыт Оспанов, Елбасының сыныптасы Едіге Жүнісбеков, сан жылдар Димекеңнің қасында сенімді серігі болған Амангелді Шабдарбаев сияқты қоғам қайраткерлерінің құрметті қонақ ретінде қатысуы шараның маңызы мен салмағын арттыра түскендей. Барлығы да Д.Қонаевтың азаматтық тұлғасы, адамгершілік жақсы қасиеттері, өнегелі істері жайында жастарға терең әңгімелеп берді.

Бұлардан бөлек, турнир басында осы спорт бағыты бойынша көтеген жарыстарда жүлдегер атанған палуан, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 11 дүркін чемпионы Мәулен Мамыров пен Азия чемпионатының және жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, Азия чемпионы Дәурен Жұмағазиев ортаға шығып сөз сөйледі. Олар балаларға тілектерін айтып, жеңімпаздардың қатарынан көрінуге тілектес екендіктерін жеткізіп, жарыстың маңыздылығы жайында жақсы сөз қозғады. Жарыста басталды. Жасөспірімдер өздерінің қай өңірден келгендігін айқындайтын тақтайшаларын көтере келе ортаға шықты. Бас бапкер Талғат Керімбаев олардың барлығын ережемен таныстырып, жекпе-жек шарттарын түсіндірді. Мұнан соң, палуандар кезекпе-кезек сайысқа түсіп, әртүрлі тәсілдермен бірін бірі ұтуға тырысты. Боз кілем үстіндегі бәсеке барысында олар бір қолмен белдіктен, жағасынан, жеңінен ұстап шалып, үйіріп, сүріндіре жұлқып, тізеден қағып, кеудеден асыра лақтырып шеберліктерін көрсетті. Шынында, бұл спорт түріне қара күштің көп болуы да аса маңызды екені нақты байқалды. Өйткені, қол, аяғының жігері мықтылары өзінің қарсыласын оңай жығып жатты. Жасөспірімдердің бақ сынауы, үлкен спортшылардың белдесуі сынды өте тартысты да, кәсіби деңгейде өтті. Жоғарыда айтқанымыздай 500-ге жуық спортшының ішінен біздің ауданның палуандары да жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға табан тіреді. Атап айтсақ, жас спортшы қызымыз Анастасия Ми 29 келі салмақ дәрежесінде және Дулат Әлібекұлы 35 келі салмақта 1-ші орынды қанжығаларына байласа,  Әліби Рахымбаев 2-ші орынды, Ақтан Молдалиев 3-ші орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарға медальдар мен Алғыс хаттар табысталды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района