Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.КӨПКЕ ҮЛГІ СПОРТТЫҚ ШАРА - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 18 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
КӨПКЕ ҮЛГІ СПОРТТЫҚ ШАРА
12:40, 05 апреля 2019

КӨПКЕ ҮЛГІ СПОРТТЫҚ ШАРА


7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында аудандық аурухана қызметкерлері таңғы жаттығу жасады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Денсаулық баршаға» атты ұранымен осы саладағы қызметтері мен жалпыны бірдей қамту тақырыбында бүгін таңғы жаттығу өткізуді жоспарлаған еді. Оған еліміз бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  өкілі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары және тағы басқа белсенді денсаулық сақтау ұйымдары синхронды түрде қатысты.

Шараны насихаттау мақсатында бүгін біздің аудандық аурухана қызметкерлері таңғы жаттығу жасап, өз белсенділіктерін танытты. Осылайша, ақ желеңді абзал жандар бір сәттік таңғы жұмыстарын спорттық сергіту қимылдарына алмастырды.

Сондай-ақ, дәл осындай таңғы жаттығуға ұласқан іс-шара ауданға қарасты кейбір мектеп мекемелерінде де синхронды түрде өткізіліп, оған сол оқу ордасының медицина қызметкерлері мен мұғалімдері өз белсенділіктерін танытты.

Дені сау ұлт қалыптастыру жолында баршаға үлгі болар мұндай спорттық іс-шаралардың берері мол деп білеміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района