Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өзгерді

0
401

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығының» мәлімдеуінше елімізде көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерінің өзгертілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Өздеріңіз білетіндей осы жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақы енгізілген болатын. Бұл әлеуметтік төлем – төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға арналған. Көмектің мөлшері бала санына тікелей байланысты. Мысалы, төрт және жеті баласы бар отбасылар 44 448 теңгеден 77 784 теңгеге дейін ала алады. Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл жәрдемақы Қазақстанда 392 мың отбасына төленген.

Алайда, қолданыстағы ережелер әлеуметтік көмек алушылардың белгілі бір санатының мүдделеріне нұқсан келтіргені белгілі болды. Себебі, 16 баласы бар отбасы 7 баласы бар отбасы сияқты жердемақы мөлшерін алып келген.

Аталмыш олқылықты жою үшін мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13 мамырында 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға арнайы жәрдемақы мөлшерін белгілеген заңға қол қойды. Сонымен, 8 балалы отбасы үшін жәрдемақы – 88 896 теңге, 9 балаға – 100 008 теңге, 10 балаға – 111 120 теңге, 11 балаға – 122 232 теңге, 12 балаға – 133 344 теңге, 13 балаға – 144 456 теңге, 14 балаға – 155 568 теңге, 15 балаға – 166 680 теңге, 16 балаға – 177 792 теңге мөлшерінде белгіленген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь