Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады

0
299

Алматы облысына қарасты Көлсай көлдері карантин режимі біткенше жабылады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы, Кеген ауданының бас санитар дәрігерінің 21 шілдедені қаулысына сәйкес 23 шілде күні, сағат 00:00-ден бастап, 2 тамызға дейін «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында кіруге тыйым салынған.

Сонымен қатар, Алматы маңайында орналасқан ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) карантин режимі аяқталғанша кіруге тыйым салынғанын да айта кетуге болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь