Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әйгілі Ардақ Назаровтың «AlemFighters» спорт клубы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 26 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әйгілі Ардақ Назаровтың «AlemFighters» спорт клубы
21:47, 07 декабря 2017

Әйгілі Ардақ Назаровтың «AlemFighters» спорт клубы


Ардақ Назаровтың есімі спорт сүйер қауымға жақсы таныс. Ол 1980 жылы 14 қазанда Алматы облысының Райымбек ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келген. Сол мекенді еміп өсіп, сол жерде бұғанасын бекіткен қазақ батыры. 1999 жылы джиу-джитсудан Қазақстанның чемпионы, Еуразияның екі мәрте чемпионы болған. Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы және әлем кубогының иегері. Азия чемпионы, Еуропа — Азия матчтық кездесуінің жеңімпазы, Еуропа чемпионы Санкт-Петербург, Бішкек, Владивосток, Сеул қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері.

Еліміздің байрағы мен көк туын жоғары ұстау үшін аянбай тер төгіп жүрген Ардақ Назаров «AlemFighters» атты спорт клубын бұған дейін Алматы, Талғар, Қарағандыда, Атырау қалаларында ашқан. Атауы  – әлемдік жекпе-жекшілер деген мағына береді.

Алты алаштың абыройын асқақтатып жүрген Ардақ бүгін, «AlemFighters» деген атаумен бесінші спорт мектебін Қаскелең қаласында ашты.

Аталмыш клубтың ашылу салтанаты Ардақ Назаровтың әкесі Құттықожа Назаров, Жақсылық Үшкемпіров, Сабыржан Махметов, Тұрарбек Асанов сынды мығымы мықты мырзалардың батасымен басталды. Одан соң, каратэшілер мен ережесіз жекпе-жек саңлақтары ел алдында өнер көрсетті.

Белгілі болғандай, мұнда әртүрлі бағыттағы спорт үйірмелері ашылып, оларда шәкірттерді баптайтын мықты ұжым жұмыс жасамақ.

-Жалпы, «AlemFighters» мектебі ашылғалы бері, оннан аса әлем чемпиондарын тәрбиелеп шықтық – дейді Ардақ Назаров бізге берген сұхбатында. -Біздің мектебімізге келген әр қазақтың баласы шылым мен арақтан алшақ болып спортпен айналысқанының өзі біз үшін үлкен жеңіс. Негізгі мақсатымыз, жәй ғана чемпиондарды дайындау емес, елі мен жерін және отанын сүйетін мықты азаматтарды тәрбиелеу. Әрбір қазақтың жігіті біздің болашағымыз. Сондықтан, оларға жастайынан жақсы тәрбие берсек, келешегіміз кемел болмақ.

Ардақтың спортқа деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Тау жағалап табан күстеп, өзен кешіп шақырымдап жүгірген баланың ынтасын Назаровтар отбасының отанасы байқап, алғаш рет грек-рим күресіне апарады. Бала Ардақтың спортқа деген бірінші қадамы сол болған. Осылайша болашақ чемпион өзінің өмірі мен қажыр-қайратын спортқа арнауға бел буады. Жекпе-жектегі айла-амалдар мен сан түрлі тәсілдерді санасына тоқып, жаттықтырушының қасынан бір елі ұзамай өткізген жастық шағының арқасында бүгінгі жетістігіне қол жеткізген.  

Әр сөзі мен ісінен алашына деген сүйіспеншілігі жарқын байқалатын спортшының жастарды жаттықтырып қана қоймай, оларға қашан да нақыл айтып, әдептілікке шақырып жүретіні де жан сүйсінтеді. 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района