«JETISÝ ARBA BÁIGESI» атты арбалар бәйгесі өз мəресіне жетті

0
203

Жақында Алматы облысы Кеген ауданында Өзбекстан, Үндістан, Қытай елдерінің қатысуымен халықаралық «JETISÝ ARBA BÁIGESI 2019» атты арба бәйгесі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған бәйгеде жоғарыда аталып өткен мемлекеттерден келген командалар өзара тау және жазық жолдарда шеберлік байқасып, ізге түсу сайысында кіл мықтыны анықтады. Жарыстың басты мақсаты – еліміздің жастарына арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру, Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының табиғатына саяхат жасау.

– Бұл байқау қазіргі жастардың интеллектуалды, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсетпек, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Бәйге барысында қатысушылар әдемі табиғат аясында арбамен әртүрлі кедергілерден өтіп, жүріп бара жатқан арбаның үстінен нысанды ату сияқты сайыс түрлерінен жарысты. Аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі, идея авторы Дəурен Уəлиевтің айтуынша бұл бәйгені өткізу үшін қолданылған арбалар осыдан 4000 жыл бұрын біздің бабаларымыз әскери мақсатта пайдаланған петрогливтік арбалардың көшірмесі ретінде жасалған. Сондай-ақ, осындай арбалар Ұлы жібек жолында негізгі көлік ретінде колданыста болған екен. Ол бұл шара шетелдік азаматтардың еліміздегі экологиялық, этнограпфиялық туризмге қызығушылықтарын арттыруға арналған. 10 күн бойы жалғасқан халықаралық бәйге қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Тағыда айта кететіндігі ұйымдастыушылар бұл жарысты келер жылы да ұйымдастырып, дәстүрлі шараға айналдыруды мақсат етіп отыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь