Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Әйелдерге зорлық-зомбылық жасалмауы үшін - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 17 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Әйелдерге зорлық-зомбылық жасалмауы үшін
20:30, 06 декабря 2018

Әйелдерге зорлық-зомбылық жасалмауы үшін


Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика көлемінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акция өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беріп, оның отбасы жағдайында болмауын  қадағалау, болдырмау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру. Осыған орай, аудандық «Атамекен» музейінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Шараны Қарасай аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ұйымдастырып, оған отбасылық кикілжің мәселелерімен айналысатын өкілетті органдардың қызметкерлері қатысты.

Аталған жиында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары айтылып, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық, олардан әйелдерді қалай сақтандыру, оның алдын алу мәселелері бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі осы өзекті мәселеге қатысты өз пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Мысалы, мұндай жағдайларда мұқтаж аналарға материалдық-моральдық тұрғыдан көмектесіп, оларды қандай да бір еңбекпен қамтитын, психологиялық жағынан сауығуына көмектесетін, қалыпты өмір сүруіне жәрдемдесетін дағдарыс орталықтарының қажеттілігі туралы әңгіме қозғалды. Отбасындағы кикілжің құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған орай, әйелдер мен қыздар арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар көптеп жүргізу керек екендігі де айтылды.

Сонымен қатар, осы проблеманы шешу үшін құқық қорғау органдарығана емес, сондай ақ, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктірудің қажеттілігі екендігі де әңгіме арқауына айналды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района