Италияда коронавирустен бір күнде 602 адам көз жұмды

0
62

Италияда бір тәулікте коронавирус ауруынан 602 адам қайтыс болды. Осылайша екінші күн қатарымен тәулігіне тіркелетін індет құрбандарының саны азайып барады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылым 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ал, кеселден қаза тапқандардың жалпы саны 6 мыңнан асты. 7 мың 423 адам ауруханадан толық емделіп шыққан. Қазіргі уақытта 50 мың итальян азаматы вирус жұқтырғандардың қатарында. Жергілікті билік вирустың таралмауы үшін елдегі аса қажетті емес барлық өндіріс орындарын жауып тастады. Тек азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалар, сонымен қатар, қоғамдық көлік пен банктер жұмысын жалғастыратын болады. Елде медициналық құрал мен бетперде тапшы болғандықтан өзге мемлекеттерден көмек жеткізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь