Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы тағайындалды

0
189

ҚР қаржы министрінің бұйрығымен Берік Төлеутайұлы Нәжімиденов ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Берік Нәжімиденов 1979 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Павлодар мұнай өңдеу зауытында оператор болып бастаған.

2002-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарды атқарған. 2012-2014 жылдары Астана қаласы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген.

2014-2016 жылдары Қарағанды қ. ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және ішкі мемлекеттік аудит комитетінде жұмыс істеді.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қ. ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь