Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі
20:32, 16 октября 2018

Өңіраралық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі


«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында Елбасы қойған міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру үшін бүгін Абай орта мектеп-гимназиясында республиканың шығысынан келген өкілдердің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңкенің негізгі мақсаты – еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру үшін еліміздің әр түрлі өңірлеріне халықты өз еркімен қоныстандыру. Жиынды Қарасай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Қыйлыбаева ашып, жүргізді.

Оның барысында үймен, жермен қамтамасыз етіп, жеке кәсібі мен шаруашылығын ашуға жәрдем берілетіндігін және педагогикалық, техникалық, медициналы және де басқа да мамандықтар бойынша бос жұмыс орындары сияқты қоныс аударамын деушілерге мемлекет тарапынан көмек көрсетілетіндігі айттылды. Сонымен қатар Павлодар облысында игерілмей жатқан жерлердің көптігін айтып, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына дамытуға шақырды.

Қарасай ауданық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шараға Павлодар облысы Ақсу қаласы Қызылжар ауылының әкімі Жеңіс Сертайұлы, Ақсу қаласы М.Омаров ауылының әкімі Сукер Болатхан және ауданымыздың 11 ауылдық округінің тұрғындары қатысты.

Жиын соңында өзге облыстардан келген делегаттар бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін алдағы уақытта басқа да аудандарда жалғастыратындарын айтты.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района