IQanat мектебінің ашылуында маскасыз болған Асхат Аймағамбетовке шара қолданылуы мүмкін  

0
144

IQanat мектебінің ашылуында маскасыз суретке түскен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке шара қолданылуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен бірге еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова да келіп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген болатын.

«Бурабайдағы IQanat ауыл балаларына арналған мектептің ашылуында маскасыз жүздеген адам бір жерде тұр. Олардың қатарында Білім және ғылым министрі де бар. Бұл карантин ережелерін бұзу ма?» — деп сұраған еді БАҚ өкілдері Бас санитар дәрігерден.

«Бұл факті бізге  белгілігі. Ол бойынша тиісті шара қабылданады. Заңды тұлғаларды да, жеке тұлғаларды да әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі бар. Бұл оқиғаға да осы шаралар қолданылатын болады. Яғни, қарастырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қолға алынады. Бізде заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасында шектеулер жоқ», — деген ол мектептің ашылу рәсіміне қатысқандардың арасында Білім және ғылым министрінің де болғанын білетіндігін айтты.

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь