Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Инновациялық қызмет жайы сөз болды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 20 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Инновациялық қызмет жайы сөз болды
19:40, 16 февраля 2018

Инновациялық қызмет жайы сөз болды


Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауында қазақстандықтар үшін нақты 10 міндет белгілеп бергені белгілі. Олардың алғашқысында «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс. Сол ретте индустрияландыру 4.0 жаңа технологиялық қалыптың мүмкіндіктерін пайдаланып, мемлекет инновациялық жолмен ілгерілеуі қажет. Мемлекеттегі кәсіпорындарды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды пайдаланып, ағымдағы жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге білек сыбана кірісу керек» делінген болатын.

Жалпы, «инновация» сөзінің мағынасы — қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсартуды білдіреді. Сондықтан, шама-шарқына, мүмкіндігіне қарай бұл үрдіске шағын және орта бизнес өкілдері өзіндік үлесін қоса алады.

Кеше аудандық әкімдіктің қабырғасында аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен статистика басқармасы бірлесе ұйымдастырған жиында осы мәселелер кеңінен сөз болды. Қарасайлық шағын және орта бизнес өкілдерімен жүздесуге арнайы келген Алматы облыстық статистика департаментінің қызмет көрсету басқармасының басшысы Әділжан Алимов негізінен инновациялық қызмет туралы есептің дұрыс тапсырылу ретін түсіндірді. Яғни, азық-түліктік, процесстік, маркетингтік және ұйымдастырушылық болып бөлінетін қызметтің бұл түрін уақытылы әрі толық тапсыру да өңір әлеуетінің даму көрсеткішіне өзіндік әсер беретіндігі тілге тиек етілді.

Өз кезегінде кәсіпкерлер де облыс орталығынан келген білікті маманға іс барысына қатысты сауалдарын жолдап, толыққанды жауаптарын алды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района