Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«INFOMATRIX –ASIA» халықаралық байқауы басталды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«INFOMATRIX –ASIA» халықаралық байқауы басталды
22:49, 14 апреля 2018

«INFOMATRIX –ASIA» халықаралық байқауы басталды


Бүгінгі таңда, елімізде компьютер саласы өте қарқынды дамып келеді. Бұл жүйенің дамуына көбіне жастар көп атсалысуда. Сондықтанда, қазір, олардың жұмыстар бағалау мақсатында көптеген сайыстар, ойындар және олимпиадалар ұйымдастырылуда. Осындай бір іс-шараның бірі кеше біздің аудандағы Сүлеймен Демирел Университеті қабырғасында бастау алды. Үш күнге созылатын, «INFOMATRIX –ASIA» деп аталатын алтыншы халықаралық компьютерлік жобалар байқауына бір мезгілде шет мемлекеттерден 450 жоғары сынып оқушысы қатысуда.

Жалпы, доданың қатысушылары 7 түрлі  негізгі категориядан, атап айтқанда, робототехника, компьютерлік бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, қысқа метражды фильмдер, аппараттық басқару жүйелері, дрондық жарыстар және математикалық жобалар бойынша күш сынасуда. Аталмыш университеттің призиденті Мейірбек Мәжитовтың айтуынша, осы іс-шара ауқымдылығына берер баға шексіз. Сонымен қатар, бірнеше жылдар бойы жобаның өнертапқыштар арасында маңыздылығы тек ғана артуда екен. Бұдан бөлек, арнайы жобалар көрмесінің деңгейі отандық және халықаралық сарапшылардан жоғары бағаға ие болғанында тілге тиек ете келе, биылғы жылғы еліміздегі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік жобасының  қолға алынуымен тұспа-тұс келгенін ұйымдастырушылар үшін өте маңызды болғанын алға тартты.

Негізінде байқаудың мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы шеберлікті шыңдау, түрлі мемлекеттен жоғары сынып оқушылары мен оқытушыларын біріктіріп, ұлтаралық қатынастарды нығайту, сонымен қоса, мемлекет мәртебесін әлемдік ақпараттық кеңістікте асқақтатуға бағытталған екен. Бұл сайыс көрмесінде өнертапқыштар сан түрлі жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Онда аса шығармашылық тапқырлығымен ерекшеленген жобалар заманауи қоғамда қарқынды дамып келе жатқан робототехника бағытымен, сонымен қатар, қоғамдағы суицид, қоршаған ортаны қорғау, үлкенге деген құрмет, шыншылдық сынды өзекті тақырыптарға түсірілген қысқа метражды фильмдермен ерекшеленді. Барлығынан озат болып, үздік атанған жоба авторлары 15-сәуірде іріктеліп, оқу орнының 100% грантымен марапатталады. Бұдан бөлек, 4 жыл бойы университеттің Инженерлік және жаратылыстану факультетінде тегін білім алуға мүмкіндік  алады.

Айта кеткен жөн, университет «INFOMATRIX-ASIA» байқауын ұйымдастырумен 2013 жылдан бері айналысып келеді. Соңғы жылдардың статистикалық мәліметі бойынша 2013 жылы жобаға әлемнің 13 елінен 190 үміткер қатысса, биылғы жылы сайыста 25 мемлекеттен 450 өнертапқыш бақ сынауда. Соңғы бес жыл аралығында 300-ден аса талапкер байқауға қатысу арқылы мемлекеттік грантқа ие болып, СДУ-да білім алуда.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района