Илья Ильин ауруханаға түсті

0
265

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин аурухана түсті, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.  

Ол өзінің Инстаграмдағы парақшасында бірнеше күн бұрын Қызылордадағы ауруханаға түскені туралы хабарлады. Спортшы желі қолданушылары үшін бейнехабарлама жариялады және палатадағы жаттығуларын көрсетті. Ол ауруханаға жатуының себебі коронавирус емес, аллергиялық реакция екенін айтты.

«Қанша қаламасам да, ауруханаға түстім. Қазір бәрі ойдағыдай. Бізді қабылдағаны үшін дәрігерлерімізге рахмет! Көп рақмет. Қазір сіздерге өте қиын, біз жақсы түсінеміз! Қазір сіздерге үлкен үміт артып отырмыз, бүкіл Қазақстан халқының үміті бар! Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар», – деді Ильин.

Ауыр атлет алты күннен бері ауруханада жатыр екен. Ол коронавирус жұқтырмаған, күйзеліске байланысты аллергиялық реакция болған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь