Хоббиі халық пайдасына асқан

0
188

Өнерді құрметтеген халық шеберлерді де ізгі ілтипатпен елдің құрметті адамдарының қатарына қосқан.  Бүгінгі біздің кейіпкерді қолынан өнері тамған шебердің бірі десек артық айтқандығымыз болмас. Жұмыстан тыс уақытта нәзік қолымен майысып өрнек тігіп, тойбастар себетін жасайды. Ал, қызмет бабында бар білгенін шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын ұстаз. 8 наурыз – нәзік жандылардың мерекесі күні Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебіндегі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, ұлағатты ұстаз Маржанай Қыдыралиева жайлы әңгіме өрбітуді жөн көрдік, деп хабарлайы Karasaiynfo.kz желілік басылымның тілшсі.

Тігінші, күй шерте білетін, діни сауаттылығы жетік, арасында ән салатын, үйлестіруші, белсенді қызметкер, негізгі мамандығы – мұғалім. Осынау сан қырлы қасиет бойынан табылатын Маржанай Қалшеріпқызының өнері көпке өнеге болары анық. Он саусағынан туындаған қолөнер туындылары қазіргі таңда сұранысқа ие. Айтуынша, бұндай іспен айналысамын деп мүлдем ойламаған.

Дегенмен, ойындағы идеясы, бойындағы энергиясы кейіпкерімізді жаңа қырын ашуға жетеледі. Ара-тұра іс-шаралар да мектеп ішін ерекше етіп безендіретін өнері бар еді. Мінекей, дәл осы сәттен туындыларын басқа жандарға да ұсынуда. Оның еңбектері біраз адамдардың көңілінен шығып, өздерінің той-жиындарын безендіруге тапсырыс береді. Ұстаздық қызметтегі әпкеміздің еңбек демалысы дәл қазақтың тойы қызатын уақытқа дәл келгендіктен, еш алаңсыз хоббиімен айналысады. Тойдың ортасында жүргендіктен, ол тағы бір сұранысқа ие тойбастар себеттері екеніне көңіл аударады. Иә, өздеріңіз түсінгендей ерінбейтін әпкеміз осыны «мен жасап көрсем қалай болады» деп ойлайды. Алдымен «Киндер сюрприз» шоколадының пішінін үлкен көлемде етіп жасайды. Бұл жаңашылдығы өзіне ұнағанымен, басқа ешкімді қызықтырады қоймас деген ойда жүреді. Дегенмен, сұранысқа ие болып, көпшілігі балаларына сыйлық ретінде, тіпті, кейбірі қырқынан шығару, бесік тойларға тойбастар қылып алыпты. Аталған істі бастаған соң бір орында тұрып қалмай, деңгейін арттырып үлкен, ауқымды тойларға тойбастар себеттерін жасауды бастапты. Алғашында қиынға соққанымен ізденуінің арқасында біртіндеп әдемі қалыпқа келіп, себеттің ерекше үлгілері пайда болады. Себеттердің суретін әлеуметтік желіге жүктеген соң, тапсырыстар түсе бастайды. Қазіргі уақытта тұтынушының қалауынша себеттерді әртүрлі етіп құбылтады. Той және шашу табақтар, тойбастар себеті, сырға салатын қобдишалар жасайды. Бастысы, әрқайсысының сапалы әрі әдемі болғанын бар жауапкершілікпен қадағалайды. «Қолыңа осы істі алғанда жұмыстан шаршап келгеніңді бір жолата ұмытасың», – деп ой бөлісті Маржанай тәте.. Қай салада да алда жүргенді жақсы көрді, мұғалім болып бағындырған шыңдары аз емес. Атап айтқанда, облыстық білім саласындағы бақылу департаментінің, «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының және тағы да ауданның, облыстың Алғыс хаттарымен марапатталған. Оған қоса республикалық деңгейдегі «Ана жүрегі», «Ғасыр ұстазы» төсбелгілерінің иегері. Сайлау науқаны кезінде белсенді қызметкер екенін айтпасқа тағы болмас. Өткен жылы аудандағы ең үздіктер қатарында осы кісі істеген сайлау учаскесі атанған. Мектепте өткізілетін іс-шаралардан да шет қалмайды, ән салып, күй шертіп, өнерін көрсетеді. Біз де еңбекқор әпкеміздің болашақта алға қойған армандары орындалатына нық сенімдіміз. Оның қарбаласқа толы жұмыспен қатар жасаған еңбектерінің жемісін көруіне тілектеспіз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь