Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Happy camp» лагерінде - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Happy camp» лагерінде
20:51, 12 июля 2018

«Happy camp» лагерінде


Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің толық демалуларына, жан-жағын танып білуіне, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыруға, өзін — өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, басқа да танымдық тұрғыдан білімі мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтырудың жөні бөлек.

Биыл менингококк инфекциясының таралуына байланысты  лагерьлердің ашылу мерзімі 2018 жылдың 4 маусымынан 26 маусымға шегерілгендігі белгілі.

Қазіргі   таңда ауданымызда 5 балаларға арналған жазғы сауықтыру орындары бар. Атап өтсек олар: Бекболат ауылындағы  «Альтаир», Алматы-Жандосов автокөлік жолының 32 км-дегі «Арман дала», Қаскелең қаласындағы «СДУ Camp», Долан ауылындағы  «Өрнек» және «Таң» демалыс үйіндегі «Happy camp».

Өз ісін 26 маусымнан бастаған Қаскелең шатқалында орналасқан «Таң» демалыс үйіндегі «Happy camp» лагерінде, біз барғанда екінші ауысым аяқталып, үшінші  кезеңдегі демалушы балалардың келуіне дайындалып жатыр екен.

Бұл бақытты балалық шақ ордасына біздің екінші рет келуіміз. Әдеттегідей, есіктен мекеме директоры Нариман Турсунов жылы шыраймен қарсы алды. Үлкен өмірлік, педагогикалық тәржірибесі бар Нариман Алкамович 28 жылға жуық қайырымдылықпен айналысып, балалар үйімен тығыз қарым-қатынас жасау арқасында демеушілердің көмегімен 16 бүлдіршінге осы лагерьге жолдама сыйлаған. Кең жүректі басшы жасаған жақсылығына сай әрдайым алғысқа бөленіп жүреді.

Сәлден соң бір топ балалар сөмкелерін көтеріп шығар есікке қарай жақындай бастады. Бұлар екінші ауысымның өрендері екен. Автобус келгеннен кейін, Нариман Алкамович біздің сәл күте тұруымызды сұрады. Себебі тиянақтылықты жаны сүйетін директор, балалардың көлікке толық отырып алуына дейін қарап тұрып, ізгі тілегімен ақ жол тілеп шығарып салуды дәстүрге айналдырған екен. Әр жеткіншектің қимай кетіп бара жатқанын көздеріндегі жастан-ақ байқауға болады. Көңілімізге жылылық сыйлаған бұл сәтті әдемілеп фотоға да түсіріп алдық.

Ары қарай ауысым жетекшісі Татьяна Щеголева жазғы сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен таныстыруды бастап кетті. Аумағына кіргеннен-ақ табиғаты керемет әсер беретін демалыс орнының көлемі де өте кең. Мұнда 1000-ға жуық өсімдіктің түрі бар екен. Таза ауаның әсері демалушыларды қоршаған ортаны танып қоймай, денсаулықтарының түзелуіне септігін тигізетіндей.

Медбике Маргарита Нұрымбет балалар саулығына үлкен жауапкершілікпен қарап, дұрыс тамақтанулары үшін арнайы мәзір дайындайды. Күніне бес мезгіл тамақтануда міндетті түрде екеуінде аспазшы апай пештен шыққан тәтілерімен де демалушыларды қуантып тұрады. Тіпті кей ауысымдарда вегетариандық өмір салтын ұстанғандар да (еттен бас тартқандар)  кездесіпті. Оларға жекелей ас дайындауға тура келген. Бұл айтқандарынан әр баланың жағдайына қарайтындықтарын да анық байқадық.

Сонымен қатар,   лагерьде балаларға әртүрлі қызығушылықтарына орай үйірмелер мен секцияларды ұсынады екен. Олардың ішінде хореография, гитара, актерлік шеберлік, волейбол, акробатика және ағылшын тілін дамыту курсы бар.

Жетекші тәлімгер Алмат Аймолдиннің айтуы бойынша, бұл жерде 12 тәлімгер бар, көбісі Жүргенов өнер академиясының студенттері. Сондай-ақ, іштерінде екі жыл бұрын демалуға Әсем Жұмадилова бар екен. Ол қазір тәлімгерлердің қатарында, биыл бірінші курсты аяқтапты.

Аталмыш үйірмелерді осы жастар жүргізеді. Ал, Алматтың өзі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы №29 мектептің директордың ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары, көптеген қызықты идеялардың авторы.

Әр күнде әртүрлі ұйымдастырылған топтық және ұжымдық-шығармашылық  бағдарламалардың алуан түрлі бағыттылығы  балалардың ішкі жан дүниесін және шығармашылық қабілеттерін  дамытуда үлкен рөл атқарады. Балалар келген күннен бастап бір ауысымға толықтай іс-шаралар жоспарланады. Иә, мұндай демалыс, белгілі бір шамада, балаларды күнделікті шаруаларынан босатады, оларға эмоциялық көңіл-күй мен өз сезімдерін ашып көрсету мүмкіндігін береді. Өздігінен білім алу балаларды мәдени құндылықтарға да тәрбиелейді.

– Бізге ұнайтын бағдарлама «Үндістер күні» іс-шарасы. Бұл күні таңғы астан кейін барлығымыз жасырылған қазыналарды іздейміз. Бетімізді түрлі түсті бояумен сурет салып, үндістердің халқының киімін киіп, кешке жақын мерекелік концерт қоямыз. Барлық кездерден гөрі осы сәтті асыға күтеміз, – деп жарыса айтқан демалушылар Жансая, Қаламқас, Сая лагерьге биыл екінші рет келіп отыр екен.

Мұнан бөлек спортқа, бояуға, мамандыққа арнайы күндер арналады.

Балалар демалысының дұрыс ұйымдастырылуы жайлы сөзімізді қорыта келгенде,   біз көп нәрсені ұсақ-түйек деп елемейтін сияқтымыз. Ал, тереңірек ойлап қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен шыңдалу орталығы.  Мәселен, балалар онда жай демалып қана қоймай, әрі денсаулығын түзейді, әрі қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді.

Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойындатуған еліне деген құрметін де оятады. Ал, бұл ұлттық сананың қалыптасуындағы алғышарттардың бірі.

Расында,  «Happy camp» лагері   қызықты балалық шақтың орталығы екеніне тағы да көзімізді жеткізіп қайттық.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района