«Халықтық заңгер» әлеуметтік акциясы Қарасайда

0
93

Қарасай ауданы бойынша азаматтардың өзекті мәселелерін қысқа мерзімде шешу мақсатында олардың құқықтық сауаттылығын көтеру және қабылданатын шешімдердің жариялығын қамтамасыз ету үшін «Халықтық заңгер» акциясы аясында бүгін аудандық Мәдениет үйінде халықты қабылдау ауқымды шарасы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

«Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын тиісті деңгейде уақытылы әрі сапалы орындау мақсатында өткен акцияда тұрғындарды аудандық полиция басқармасы, аудандық заң және мемлекеттік құқық бөлімі, сот, миграция, халыққа қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту, сәулет және қала құрылыс, жер қатынастары бөлімдерінін мамандары мен кәсіби адвокаттар мен нотариустар қабылдап, әртүрлі кеңестер берді. Азаматтар көптеген сұрақтарды қойды. Атап айтқанда қарасайлықтар тарапынан мұрагерлікті қабылдау, жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, жер құжаттарын реттеу, мұрагерлікті қалай алуға болады, атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде кімдерге беріледі, несиеннің уақыты өтіп кетсе шет елге шығуға болама деген сияқты бірқатар сауалдар қойылды. Жалпы шарада адамдардан келіп түскен өтініштердің нәтижелері бойынша түсіндіру сипатында толыққанды жауаптар берілді.
Тағы бір айта кетерлігі бұл акция аталған жыл бойы ай сайын өтіп тұратын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь