Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Газ құбырлары жаңартылуда - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Газ құбырлары жаңартылуда
23:23, 15 сентября 2018

Газ құбырлары жаңартылуда


Ауданымыздағы «Алматыгазсервис-Холдинг»  АҚ 1999 жылдан бері тұтынушыларға табиғи газды тасымалдап, оның сапалы қызметін жүзеге асырып келеді. Бұдан бөлек, газды жеткізу саласында табиғи монополист те болып саналады. Ал, осы акционерлік қоғам 2015 жылы табиғи газды тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді тарифты жасау мен бекіту кезінде 2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын жасап, бекіткен болатын. Бұл бастаманың мақсаты ең алдымен Алматы облысының Қарасай, Іле және Жамбыл аудандарындағы  тұтынушыларды газбен кепілді түрде қамтуды және газ құбырының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету еді.

Бүгінде бұл бағдарлама бойынша қала, ауылдық округтерімізде көптеген жұмыстар атқарылып, жүзеге асырылуда. Осы ретте, бүгін ауданымызға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Гүлнар Шарипова келіп, жоғарыда аталған бастама аясында Қаскелең қаласында орнатылған газ құбырларының құрылысымен танысты. Гүлнүр Әділқызына «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ-ның президенті Айна Сексенбаева барлық жаңартылған газ құбырлары жайлы ақпарат беріп, қажетті мағлұматтарды жеткізді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района