Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Гүлсанат» би тобының есеп беру концерті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Пятница, 23 августа 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Гүлсанат» би тобының есеп беру концерті
19:30, 14 марта 2019

«Гүлсанат» би тобының есеп беру концерті


Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз Наурыз тойы қарсаңында ауданымызда халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы «Гүлсанат» би тобының есеп беру концерті өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық Мәдениет үйіндегі мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова, ақын, сазгер, «платиналық тарлан» сыйлығының лауреаты Исраиыл Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәли, ҚР мәдениет қайраткері Болат Әшірбаев, «Таймас» баспасының редакторы Ерсінбай Манашев, эстрада жұлдыздары мен халық тамашалауға келген.

Мерекелік концертің шымылдығын ашқан Күлжан Әділханқызы жиналған адамдардың барлығына жылы лебізін білдіріп, өнер мектебінің түлектері мен ұстаздарын, ата-аналарын шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, мәдениет саласын дамытуға, жас ұрпақты би өреніне тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Гүлсанат» би студиясының көркемдік жетекшісі Ләззат Садуақасоваға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Абдуалиевтің атынан Алғыс хат пен гүл шоғын табыстады. Сондай-ақ, Байғали Есенәли пен Болат Әшірбаев та «Гүлсанат» би тобына тамаша кешті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, толағай табыс тіледі. Сонымен қатар, концерт барысында Жанар Айжанова, Алмат Сақатов, Раман Майғазиев, «Жебе», «Үшқоныр» топтары сияқты әншілер мен топтар би тобы кешіне арнайы келіп, өнерлерін көрсетті.

Концерттің соңында дәстүрлі гүл шоғына кезек беріліп, сахнаға «Гүлсанат» би тобының көркемдік жетекшісі Ләззат Садуақасова мен барлық қатысушылар шығып, Болат Әшірбаевтың осы топқа арнайы жазып берген гимін орындады. Лық тола залды жинаған  ансамбльдің есептік концерті  жақсы атмосферада, жоғары деңгейде өтті.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района