Францияда нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

0
411

Франция астанасында нәсілшілдікке қарсы тағы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Билік акцияға рұқсат бермегенімен, көшеге мыңдаған адам жиналды. Шараны полицейлердің қолынан жапа шеккендердің туған-туыстары ұйымдастырды. Шерушілер республика алаңына шығып, бір ғимараттың төбесінен үлкен баннер жазды. Көп ұзамай алаңдағы ахуал шиеленісіп, полициямен қақтығыс болды. 30 адам қамауға алынды. Наразылық акциясынан кейін Мемлекеттік кеңес елдегі төтенше жағдайға қарамастан шерулерді өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.
– Джордж Флойдтың өлімі менің інім Адама Траоренің өлімін салыстырып көріңізші. Ұқсастық бар. Құрама Штаттарда болып жатқан мұндай оқиғалар бізде де қайталанып тұрады. Сондықтан полицияның мұндай әрекетін тоқтатуға күш біріктіруіміз керек, — нәсілшілдікке қарсы қозғалыстың көшбасшысы Асса Траоре.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь