Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Еске алу кеші өтті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 16 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Еске алу кеші өтті
9:40, 25 апреля 2017

Еске алу кеші өтті


Өткен сенбіде Қошмамбет ауылындағы орта мектепте, аталған мекемені бірнеше жыл басқарған, сегізжылдық оқу ордасы кезінде орта деңгейге көтерген Сүлеймен Досаламановты еске алу кеші өтті. Мәнді де мағыналы өмір сүрген, оқушылардың танымын арттыруда, ізденімпаздыққа шақыруда жаңа жетістіктерге жетіп, ауылдың да көркеюіне салмақты үлес қосқан ұлағатты ұстаздың рухын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Қыдыралиев, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, өз қолынан түлеп ұшқан түлектері, шәкірттері, беделді ауыл тұрғындары қатысты. Оқушылармен қоса мұғалімдер де өз өнерлерін ортаға салды. Әуелетіп ән айтып, би де биледі.

Айта кетейік, Сүлеймен Досаламановтың бала кезі соғыспен тұспа- тұс келген. Колхоз еңбегіне ерте араласа жүріп, мектептегі оқуын үздік бітірді. 1953 жылы Алматыдағы шет тілдер институтына түсіп, 1958 жылы неміс тілінен мұғалім болып шығады. Алғашқы еңбек жолын ОҚО, Шаян орта мектебінде бастаған ардақты ұстаз кейін, Қарасай ауданы Шамалған бекетіндегі «Комсомолға – 30 жыл» білім ордасында, 1970 жылдың қыркүйек айынан бастап Қ. Қошмамбетов мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. Ізденімпаз еңбегінің нәтижесінде келесі жылы ол аталған мекемеге басшылыққа келеді.

Елі үшін еңбек еткен азаматты ізбасарлары да ұмытпақ емес. Ол кісіні еске ала отырып, ізгі тілек білдірушілер де болды. Аталған оқу ордасының қазіргі директоры  Нұргүл Нұрмағанбетқызының сөздері де өте әсерлі шықты. Осы арқылы ұйымдастырушылар заңғар тұлғаларымыздың санамыздан сөнбейтіндігін қайта дәлелдеді.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района