Ержан Максим енді Егор Крутойдың академиясында оқиды  

0
375

Атақты композитор, продюсер Игорь Крутой «Голос. Дети» байқауында 2-орын иеленген Ержан Максимді музыкалық академиясына шақырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ержан Максим Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, енді күзден бастап сол академияда оқуын бастайды.

– Достар, Мәскеуге жасаған сапарым сәтті болды. Неге дейсіз ғой, мен ең алдымен, еліміздің аптал азаматы Иманғали Нұрғалиұлымен кездестім. Сол кездесуіміздің нәтижесі ретінде көптен бері армандап жүрген атақты композитор, продюсер Игорь Крутоймен таныстым. Мені студияда тыңдаған маэстро мені ұнатып, өзінің музыкалық академиясына шақырды. Мен қуана келістім. Енді достар, күзден бастап сол жерде вокал бағыты бойынша өнерімді шыңдайтын боламын. Әрине, мұның барлығы Иманғали ағамыздың арқасы деп білемін. Осындай азаматтардың арқасында шығармашылығым жалғасып, жемісін беретініне сенімім мол, – деп жазды оралдық 11 жастағы Ержан.

Еске салар болсақ, мұның алдында 11 жастағы оралдық Ержан Максим биылғы  «Голос. Дети» байқауында  27,9 пайыз дауыс жинап, 2-орын иеленген болатын.  Ал, бас жүлдені  ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендерден тарапына 56,5 пайыз дауыс басымдылықпен жеңімпаз атанды. Алайда байқау нәтижесі желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді лайықты деп жатты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь