Еріктілер қарттарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп береді  

0
78

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  еріктілер жалғыз басты қариялар мен қарттар үйіне  азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер жеткізетін болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Адамзатты алаңдатып қойған аты жаман ауру, өкінішке қарай, Қазақстанды айналып өткен жоқ. 13 наурыз күні Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім етсе, бүгін ауру жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Бұл ретте аудан жастары  жақын күндері Мемлекет басшысы елімізде төтенше жағдай жариялағаннан кейін халықтың көмекке мұқтаж тобына көмектесу туралы ұсыныс тастады. Елбасының бүгінгі жолдаған үндеуінде де үлкен кісілерді, қажетті заттармен үзбей қамтамасыз етуге баса көңіл бөлген жөн екендігін атап айтты. Себебі, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметіне сәйкес коронавирус індетін жұқтырғандардың басым көпшілігін егде жастағы адамдар құрайды екен.  Қариялардың  коронавирусқа  төзімсіз екендігін ескерген еріктілер мүмкіндігінше қауіпті індеттің алдын алып, қажетті азық-түлік мен  дәрі-дәрмектерді үйлеріне дейін жеткізіп беретін болады.  Бүгін олар бірлесе жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып, қызметті пайдалану үшін хабарласатын байланыс телефондарын қалдырды.  Осылайша,  қиын сәтте мұқтаж жандарға қол ұшын созған волонтерлер қариялардың  ризашылығына бөленіп қайтты.

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь