Енді жүргізуші куәлігін ХҚО арқылы ауыстыруға болады

0
812

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімдерінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртіпте жұмыс істей бастады. Олар көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы арнайы мониторингтік тобы ұсынған жаңа жүйенің артықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкіметтің» Енбекшіқазақ ауданының фронт-офисінде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлік иелері үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру және көліктерді тіркеу жұмыстары айтарлықтай жеңілдейді. Енді оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе ішкі істер органдарына тікелей жүгінудің қажеті жоқ. Ескеретін жайт, жүргізуші куәлігін алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетілмейді. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь