Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Енді туу туралы куәлікке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 22 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Енді туу туралы куәлікке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады
16:02, 03 октября 2018

Енді туу туралы куәлікке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады


EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің тізімі тағы екеумен толықты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемлекеттік қызмет пен сервис, соның ішінде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері қолжетімді болған.

Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ, бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Нақты айтқанда,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті.

Бір ескеретін жағдай, ол мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» тіркелу қажет, яғни, eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекітіп, өз гаджетіңіздегі Telegram мессенджерінде ботты іске қосу керек. Сосын алдын-ала белгіленген командаларды жолдап, SMS кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Одан бөлек, барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған.

eGov.kz порталының 2018 жылғы мамырда іске қосылған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттік қызмет алды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района