Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Енді әкімдердің жұмысын халық онлайн бағалайды   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Енді әкімдердің жұмысын халық онлайн бағалайды   
12:58, 03 сентября 2019

Енді әкімдердің жұмысын халық онлайн бағалайды  


Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жергілікті билік органдарының жұмысының тиімділігін халық бағалайтын жүйені пилоттық жоба ретінде енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

«Күшті аймақтар — күшті мемлекет» деп Қасым-Жомарт Кемелұлының  сайлауалды тұғырнамасында   айтылған болатын.  Өзінің алғашқы Жолдауында осы бағытта келесідей міндеттерге күш салу қажеттілігіне тоқталды.  Алдымен  жергілікті билік органдарының тиімділігін арттыру керектігі міндеттелді.

— Халық әрдайым жергілікті билік органдарына жүгіне алуы керек. Бұл аксиома, бірақ шынайы өмірімізде олай болмай тұр. Мен пилоттық жоба ретінде жергілікті билік органдарының тиімділігін бағалау жүйесін енгізуге болады деп санаймын. Мәселен, егер сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30%-дан астамы қала немесе ауыл әкімінің қызметін тиімсіз деп санаса, бұл Президент әкімшілігінің мәселені зерделеу үшін арнайы ұсыныс жасайтын комиссия құруға негіз болады, – деп  Президент Қазақстанның барша халқын мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырды.

– Мен ел тағдырына жаны ашитын Әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі, – деп Жолдауды түйіндеді Мемлекет басщысы.

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района