Енді елімізде «қауіпсіздік сертификатсыз» кей ақпараттар қолжетімсіз болады

0
599

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинованың айтуынша күн сайын Қазақстанда ондаған заңға қайшы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшалар анықталады. Осы ретте ақ­парат­тық тұрғыдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақтанда «қауіпсіздік сертификаты» енгізілуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қауіпсіздік сертификаты – бұл шифрды қолдайтын хаттамалары бар трафикті өткізу үшін қолданылатын, электронды цифрлы таңбалар жиынтығы. Сертификатын қолдану мақсаты – заңнамамен тыйым салынған ақпаратты телекоммуникация желісі арқылы таратуды шектеу. Сертификат хакерлік шабуылдардан сақтану үшін қажет екен. Яғни, бұл бағдарлама адамдардың жеке мәліметтерін қорғау үшін ойлап табылған.

– Бүгінде интернетте құқыққа қайшы контент көптеп кездеседі, сондай-ақ киберлік қатерлер де бар. Осы орайда тиісті қорғанысты қамтамасыз ету үшін аталған қауіпсіздік сертификаты іске қосылады» – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев. Осы орайда ол құқыққа қайшы контентке суицидті насихаттау, экстремистік әрі лаңкестік сипаттағы ақпараттар және басқа да теріс мәндегі деректер жататынын түсіндірді.

– Бүгінде интернетте жұмыс істеуге кедергі келтіретін вирустар бар. Бұл тұрғыда қауіпсіздік сертификаты осы тектес кибер тосқауылдар мен қатерлерден қорғануға көмектеседі, – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ, ол бұл сертификаттың абоненттер телефондарындағы деректеріне қолжетімдігі жоқ екенін атап өтті.

– Адамдардың жеке мәліметтері ешкімге де берілмейді. Өйткені бұл тұрғыда ешкім де ақпарат жинамайды. Қауіпсіздік сертификаты тек фильтр қызметін ғана атқарады, сәйкесінше, онда ақпарат жинау ескерілмеген», – деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, жыл сайын діни экстремизм мен терроризмге қатысты заңсыз мазмұн өсіп келеді. Мемлекеттік органдар осындай мазмұннан қандай да бір қорғанысты жүзеге асыруы үшін бірқатар интернет-ресурстардың әкімшілігіктерімен толықтай келісімге отырды. Енді олар аталмыш желілердің парақшаларында экстремизм мен терроризмге қатысты заңсыз мазмұн көретін болса, оны алдырып тастауға толықтай құқылы болды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь