Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Елтайдағы қос бірдей қуаныш - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 23 сентября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Елтайдағы қос бірдей қуаныш
18:31, 12 мая 2017

Елтайдағы қос бірдей қуаныш


Бүгін Елтай ауылдық округінде екі бірдей балабақша өз есігін айқара ашты. Оның бірі – М. Бейсебаев атындағы орта мектептің директоры Гүлзира Бейсебайқызының себепкерлігімен жұмысын бастаған «Нұр сезім» бөбекжайы. Ал, екіншісі, аталған округке қарасты Береке ауылындағы «Бәйтерек» балабақшасы. Бұл мекеменің басы қасында жүрген Исаев бастауыш мектебінің меңгерушісі Балжан Садыққызы.

«Нұр сезім» балабақшасының балдырғандары

«Бәйтерек» балабақшасының ашылу салтанаты

Осы қос қуанышты жұртшылықпен қатар бөлісуге округ басшысы Бақыт Сағындыққызы мен аудандық білім бөлімінің әдіскері Ләйлә Мәуленқызы арнайы келіп, жергілікті тұрғындарды құттықтады. Өз сөзінде ауыл әкімі бөбекжайлардың ашылуына үлесі бар тұлғаларға алғысын айтып, Елтай ауылдық округін бірге дамытуға шақырды. Салтантты жиында дәстүрімізден жаңылмай ақсақалды қариялардың, ақжаулықты әжелердің батасымен, шашумен бірге ресми түрде 30 орынды бөбекжайдың қызыл лентасы қиылды. Айта кетейік, аталған мектепке дейінгі мекемелер «Балапан» бағдарламасына қосылуға өтініш білдірген. Алдағы уақытта олар мемлекет қамқорлығына ие болса, ата-аналарға да айтарлықтай жеңілдік байқалмақ.

Енді ғана жұмысын бастаса да, мұндағы балдырғандар қонақтарды былдыр- былдыр тақпақтарымен, әсем әндерімен, келісті билерімен қарсы алды. Оған мәз болған жұртшылық бүлдіршіндердің өнеріне сүйсіне қол соғып, келешек ұрпақтың кемел келешегіне деген мол үмітпен тарқасты.

«Бәйтерек» балабақсасының ашылу салтанаты


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района