Елтайға жаңа әкім тағайындалады

0
578

Бүгін Елтай ауылдық округі аппаратына әкім лауазымына үміткер азаматтар таныстырылды, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» желілік басылымының тілшісі.

Бұл басқосуда таңдалған үш кандидаттың қысқаша өмірбаяны айтылып, еңбек жолдары жайлы ауыл тұрғындарына толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, барлық талаптарға сай екені де жеткізілді. Нақтырақ айтсақ, әкім лауазымына сай деп таңдалған осы ауылдық округі әкімінің орынбасары Бекжан Абжан, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қалиев және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті қызметтер және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы Ренат Кенеев болды. Алдағы уақытта, үміткерлердің біреуі аудандық мәслихат депутаттарының дауысымен әкімдік қызметке сайланатын болады.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь